Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы

“Қазгидромет” мәліметіне сәйкес, 21–23 қазан аралығында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Солтүстік, оңтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа райы антициклон ықпалында болады. Түнгі температура минус деңгейінде сақталады.
Ал солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс, солтүстік-батыс және республиканың оңтүстік-шығысы циклон ықпалында болады. Төмен қысымды аймаққа байланысты бұл өңірлерде бұлтты ауа райы күтіледі.
Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Батыста күшті жауын-шашын болуы ықтимал. Ел аумағында жел күшейеді, – деп хабарлады синоптиктер.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 2025-2026 жылы Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлаған.