АЛАКӨЛДЕ ТӨРТ АДАМ СУҒА КЕТТІ
Өткен демалыс күндері Алакөлдің Жетісу облысындағы бөлігінде 3 суға бату дерегі болып, 4 адам ажал құшты. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері соның біреуін ғана тіркеген. Қалған екі оқиға бойынша полиция тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өйткені бір ер адам түнгі сағат үште қайықтан киімшең суға құлап кетіп, мерт болған. Сондықтан бұл оқиғада қылмыстық құрам болуы әбден мүмкін. Ал екінші келеңсіз жағдай шомылуға арналмаған орында болды. Шатыр ішінде ұйықтап жатқан баланы жел көтеріп әкетіп, әкесі ұлын өз бетінше құтқаруға тырысқан. Өкініштісі әкелі-балалы екеудің де ажалы судан болды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көл жағалауына демалуға барғанда ішімдік ішпеу керектігін және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет екенін ескертеді. Қанат Алтынбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары: – Ол жағдайлар бойынша алғашқы материал жиналып, полиция қызметкерлеріне тергеу жүргізу үшін жолданды. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, сол сараптамалардың нәтижесі бойынша шешім қабылданады. СКЛ. Киіммен суға батқан жағдайда ол бізге есепке келеңсіз жағдай ретінде тіркеледі.