“Әйел – отбасының тірегі және мемелекеттің тірегі”

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ инспекторлары мен ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны А.Утебаеваның ұйымдастыруымен және психолог мамандардың арнайы қатысуымен Шаян ауылында орналасқан √19 колледж студент қыздарының қатысуында. өткізілген бұл іс-шарада жастарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды.

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Ата – ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана – отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.

Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады.Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасым – менің жүрегім

Отбасым – менің тірегім

Отбасым – менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.

ПІКІР ЖАЗУ