l
Қазір барлығы еңбектеп жүр, кейбірі отыра алады, тіпті бір нәрседен ұстап жүре де алады. Әрине, оңай емес, бірақ бұл керемет. Балаларымызға қараған кезде шаршағанымызды ұмытамыз, – деді балалардың әкесі Абделкадер Арби.
Абделкадер мен Халиманың балалары туылған соң аман қалған ең үлкен егіздер тобы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Босанар алдында Мали билігі Халиманы Марокконың мамандандырылған ауруханасына жіберген, себебі жергілікті ауруханада білікті мамандар болмаған. Сондықтан сканерлеу кезінде төрт баладан артық бала анықталса, ана мен балаларының өміріне қауіп төндірмеу үшін, әйелді түсік тастауға рұқсат берілген елдерге баланы алдыруға кеңес береді.
Алайда УЗИ нәтижесінде 7 баласы бар екені анықталған Халиманы мемлекет Касабланкадағы жекеменешік ауруханаға жіберген. Сонымен қатар барлық шығынды мемлекет есебінен өтеп, анасы мен балаларын тұрғын үймен қамтамасыз еткен.
Тоғыз баланың бесеуі қыз (Кадидия, Хава, Фатума, Адама және Уму), төртеуі ұл (Мохаммад, Бах, Эль-Хаджи, Умар). Балалар жүктіліктің 30-аптасында кесар отасы арқылы дүниеге келген. Нәрестелердің салмағы 500 граммнан 1 келіге дейін болған.
Әкесінің сөзінше, балалардың мінезі әртүрлі.
Олар әртүрлі, бірі тыныш болса, екіншісі шулап, жылайды. Енді біріне үнемі көтеріп жүрген ұнайды. Балалар әртүрлі және бұған таңқалудың керегі жоқ, – дейді Арби.
Балалар Мароккода болғанымен, отаны Малиде өте танымал.
Балаларымызды барлығы өз көздерімен көргілері келеді: туыстарымыз, достарымыз, ауыл тұрғындары, тіпті барлық мемлекет, – деп аяқтады ол.