Алматыда зейнеткер қатты соққыға жығылды: ұлы екі айға қамауға алынды

лматының Алатау ауданының прокуратурасы жеке сектордағы зейнеткер әйелге жасалған шабуылдың мән-жайын айтты. Белгілі болғандай, жанжал қайын енесі келініне әдепсіз балағат сөздер айтуы негізінде шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлының анасын ұрып-соғуы бойынша келесі мән-жайлар анықталды. Жанжал қайын енесі келініне қатысты әдепсіз балағат сөздер айту негізінде туындаған. Әйелін қорғаған ер адам анасына ауыр соққа жасаған. Зейнеткердің миы шайқалған, үсті көгеріп, бет-жүзінің терісі жартылып, қолы сынған.Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы

Алатау ауданы прокуратурасының нұсқауымен 49 жастағы күдікті ұсталды – ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.

Оның әрекеті бұзақылық ниетпен дәрменсіз күйде жатқан адамға қатысты ерекше қатыгездікпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру деп сараланады. Прокуратура тергеушінің күдіктіні сот санкциясымен қамауға алу туралы өтінішін қолдап, екі айға қамауға алынды.Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы

3 мамырда Қазнет жеке сектордағы егде әйелге жасалған шабуылдың видеосын таратқан.

Кейін белгілі болғандай, зейнеткерді қатты соққыға жыққан күдікті анықталып, полицияға жеткізілді – ол жәбірленушінің 1972 жылы туған ұлы болып шықты.

ПІКІР ЖАЗУ