Д.А.Қонаевтың туған күніне арналған шара жоғары деңгейде өтті
Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мемлекет қайраткері, ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай “Ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаев” атты салтанатты мәдени шара өтті. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған шараға зиялы қауым өкілдері мен халық қалаулылары қатысты.
📌Бүгін Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мемлекет қайраткері, ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай “Ұлы тұлға Дінмұхамед Қонаев” атты салтанатты мәдени шара өтті. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған шараға зиялы қауым өкілдері мен халық қалаулылары қатысты.
📌Салтанатты кеш шымылдығы Мұхит Құрбанбековтың “Еңбек ері” көрінісімен ашылды. Дінмұхамед Қонаев пен Ергеш Иззатуллаев арасындағы іскерлік қатынасты көрсеткен көрініс көрермен жүрегіне жылы естеліктерді елестеткендей әсер қалдырды.
📌Алғашқы сөзді алған Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы тұлғаның өшпес ұлылығын тілге тиек етіп, мәдени шараның маңыздылығына тоқталды. Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы, “Парасат” орденінің иегері Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Тұрысбеков Мырзабай, Түркістан қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлжан Мұстафаева, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “Алтын домбыра” иегері, Бекарыс Шойбеков, Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары Ғаппар Сәрсенбаев пен Ибадуллаева Рая ел есінде қалған ерен тұлға туралы ой толғап, әдемі әңгіме өрбітті.
📌Майгүл Тұрыскелдиеваның орындауындағы “Өмір” термесі мен “Димаш аға”, “Ағаларым” әндері жиылған жұртшылық жүрегіне жылы жол тауып, салтанатты шараның сәнін ашты. Балалар мен жасөспірімдер орталығының көркемсөз оқу үйірмесінің оқушылары Димаш аталарына арналған туындыны мәнерлеп, жатқа айтып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
📌Өз елінің бағына туған көрнекті, ғасырларда біртуар азаматқа арналған мәдени шарамыз бізге өремізді ұштар, пайдалы бағдар болды деген сенімдеміз. Дегенмен, бір қынжылатын дүние өскелең ұрпаққа үлгі болар тау тұлғаны насихаттауға арналған шараға орта арнаулы оқу орындары мен мектеп мұғалімдері қатыспағаны “әттеген-ай” деуге тұрарлық.
#Дінмұхамед
#мәдениет
#110жыл
#түркістан