Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

Түркістан облысы «жасыл аймаққа» өтті

Бүгінгі таңда республика көлемінде эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймаққа өткен жалғыз өңір. Мұнда соңғы тәулікте КВИ-дің 93 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0,51% құрайды. Бүгінде облыста инфекциялық стационарларда 809 төсек орын жасақталып тұр. Қазіргі таңда төсек-орын толымдылығы 34,2 % құрайды, 532 төсек-орын бос.

Пандемия басталғалы індеттің 18082 жағдайы тіркелді. Оның 9345-де симптом байқалмаған.
Қазір бірінші компонентпен 1 046 156 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 1 042 228 адам қабылдады. Ревакцинацияны 127619 адам алды.
Айта кетейік, пандемия басталғалы 16071 науқас індеттен толық айыққан.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

admin

Елімізде ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 474 теңгеден сатылуда

admin

Түркістан облыстық соты жаңа ғимаратқа көшеді

admin