Түркістанда жастарды қолдау бағыты қарқындап келеді
Түркістан қалалық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе «Жастарды қолдау және тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында өрбіді. Кеңес отырысына Түркістан қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Мұсабеков, қала әкімінің орынбасары А.Шалхарова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Букебаев, қалалық ардагерлер ұйымының төраға орынбасары Б.Бейсембаев, кеңес мүшелері мен жастар орталығының мамандары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жастар орталығының басшысы М.Даниярбек баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан ұсыныс, пікірлер тыңдалды. Кеңес тарапынан алдағы уақытта талқыланған мәселер мен ұсыныстар бойынша жұмыс атқарылатынын сөз етті.