Түркістан қаласында келер жылдың қаңтар айында тұтынушылар мен тауар өндірушілерді тікелей байланыстыратын «Grand Bazar Yassy & EcoBazar» сауда орталығы ашылады. Сауда нысанының басты ерекшелігі — жергілікті тұрғындар мен келушілерге кез келген тауарды ешқандай делдалсыз көтерме бағада ұсынатын болады. Бұл туралы бүгінгі брифингте кешеннің бас директоры Бақнұр Аюбек мәлімдеді.

«Бүгінде диқандар өз өнімдерін алып-сатарларға тым арзан бағамен өткізуде. Ал, арадағы алып-сатушылар өзара келіскен түрде азық-түлік бағасын жасанды көтеріп жатады. Бағаны тұрақтандыру үшін — өндірушінің өнімді халыққа тікелей ұсынуына қолайлы жағдайлар жасау қажет. Түркістан қаласында осындай ауқымды жобаның іске қосылуы — бағаны тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлесін қосады» — дейді кешеннің бас директоры.


