Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында 960 мыңға жуық адам екпе қабылдады

Түркістан облысында 957575 адам екпе қабылдады. Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 3252 адам вакцина қабылдаған. Облыста екінші компонентпен 860917 адам вакцина алды.
Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 33 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,22% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 077 576 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 581 –і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 14 916 жағдай тіркелді. Олардың 7549-да ауру симптомсыз өткен болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте ​ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

admin

«Суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту» тапсырмасы орындалуда

admin

Әскери қызметшілерге қауіпсіздік шараларын сақтау туралы еске салынды

admin