Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ІІМ басшысы әріптестеріне Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын таныстырды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов полиция ведомствосының орталық аппаратының қызмет басшыларына өзінің жаңа орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аңсаған Cкендерұлы Балтабеков мемлекеттік күзет қызметі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет еткен. Министр жаңа басшының басқаруымен Ұлттық ұланның заманауи қатерлерге жедел ден қоятын алдыңғы қатарлы ведомствоға айналатынына сенім білдірді. Сондай-ақ ол жеке құрамның жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру және материалдық–техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етуді жақсарту сияқты жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті.

– Сіздің кәсібилігіңіз бен еңбекқорлығыңыз Ұлттық ұланның алдында тұрған міндеттерді тиімді шешуге көмектеседі деп ойлаймын, – деді Ержан Саденов.

Ведомство басшысы оған қызметте сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-basshysy-ariptesterine-ulttyq-ulannyng-bas-qolbasshysyn-tanystyrdy/?fbclid=IwY2xjawFvqPhleHRuA2FlbQIxMQABHaTcyKi6ZBvvvzjh2VTjiTQBHwXTVIYSEWsrPfCgqV030BxLA-QCI9sg7g_aem_8RTbVuaxHMOgL_3KtHhMMg

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультация беру жұмыстары жалғасын тапты

admin

Шымкент: кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық сәтті жұмыс істеп келеді

admin

Тоқаев пен Головкин Қазақстан құрамасының матчына келді

admin