Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жедел жәрдемнің келуін картадан көруге болады 

? 103 жедел жәрдем қызметінің жүрген жолын Яндекс Go және Яндекс Карталар сервистерінде көрсетуге арналған цифрлық жоба пилоттық режимде енгізілді. Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша адам өміріне қауіпті саналатын I санаттағы шақыртулар бойынша дәрігерлер бригадасының бағыты көрсетіледі.
? Яндекс сервистерімен интеграция нәтижесінде диспетчер шақыртуды тіркеген сәттен бастап жедел жәрдем бригадасының қозғалысы бақыланады. Ал пациент немесе өтініш беруші жедел жәрдем көлігінің нақты орналасқан жерін көріп, оның шамамен қанша уақытта келетінін біле алады.
? Бұл шешім шақыртуларды өңдеу жылдамдығын арттыруға, диспетчерге түсетін жүктемені азайтуға және жедел медициналық көмектің қолжетімділігі мен ашықтығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сәйкес жаңалықтар

«Саламатты ҚАЗАҚСТАН» медициналық пойызы Сауранда

admin

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынады

admin

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін он тәулікке қамалды

admin