Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада -30° аяз, Алматыда қар: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астана мен Алматы қалаларына 14, 15 және 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласындағы ауа райы болжамы

14 қаңтар

Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы:

• түнде -28…-30°,
• күндіз -21…-23°.

15-16 қаңтар

Аспан бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы:

• түнде -26…-28°,
• күндіз -20…-22°.

Алматы қаласындағы ауа райы болжамы

14 қаңтар

Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы:

• түнде 0…-2°,
• күндіз +3…+5°.

15 қаңтар

Аспан бұлтты. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы:

• түнде -3…-5°,
• күндіз -1…+1°.

16 қаңтар

Аспан бұлтты, кей уақыттарда қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ сақталады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы:

• түнде -5…-7°,
• күндіз -1…-3°.

Сәйкес жаңалықтар

ПОСЛАНИЕ: Мы уверены, что от реализации указанных мер зависит мир и благополучие всех граждан Казахстана

admin

Астанада 2,2 мыңнан астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты

admin

Су тасқыны. Құжаты жоқ мал иелеріне өтемақы қалай беріледі?

admin