Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қатысушылар арасында қазақстандықтар болуы мүмкін: Әлеуметтік желіде Ресейдегі төбелес қызу талқылануда

Әлеуметтік желілерде Ресейдің Ленинград облысында болған жанжалдың бейнежазбалары таралып жатыр. Пайдаланушылардың мәліметінше, жаппай төбелеске қатысушылардың арасында Қазақстан азаматтары да болуы мүмкін. Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулдығы Усть-Луга кентінде болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. BAQ.KZ тілшісі бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер министрлігінен пікір сұрады.

Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы 2026 жылғы 26 наурызда Усть-Луга кентінде “Велестрой” компаниясының нысанында болған, Қазақстан азаматтары қатысқан жанжал туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиғаға қатысушыларды Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары мән-жайды анықтау үшін ұстаған. Ресейдің құзырлы органдарына және компания басшылығына ресми сауалдар жолданды, – деп хабарлады ҚР СІМ.

Ведомствода атап өткендей, қазақстандық дипломаттар толық ақпарат алу үшін Ресейдің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасап жатыр.

Дипломаттар Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысы бойынша ІІМ бас басқармасымен байланыста. Мақсат – Қазақстан азаматтарының нақты санын және құқықтық мәртебесін анықтау. Бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында, – деп атап өтті ведомство.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде ұсталғандар саны мен жанжалдың себептері анықталып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Қазығұрт ауданының 1985 жылғы азаматтары аз қамтылған бір отбасыға тұрғын үй салып берді

admin

Түркістанда 2024 жылы 570 орынды жаңа облыстық аурухана пайдалануға беріледі

admin

В Ордабасинском районе усилен контроль за соблюдением ветеринарно-санитарных требований

admin