Маңғыстауда қоғамдық көлік мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Биыл Маңғыстауда автобустардың 90%-ы жаңартылды. Келесі жылы 70-ге жуық автобус жаңартылса, бұл мәселені толық жабылады. Осы тұрғыда өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай қандай шаралар жүргізіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әкімнің сөзінше, қазір қоғамдық көлікке төлейтін құн – 70 теңге. Облыстық бюджеттен 14 млрд теңге субсидия бөлініп отыр. Бірақ қазір ол керек пе, қандай бағытта жүр деген мәселелерді қайта қарау үстіндеміз. Ал аудандар арасындағы қоғамдық көліктер жүріп тұр.
Сондай-ақ әлеуметтік салаларды да көлікпен қамтамасыз ету мәселелері оңтайлы шешіліп келеді.
Биыл спорт клубтарына – 20 микро автобус сатып алып бердік. Былтыр спортшылар жарысқа бару үшін арнайы машина жалдап, не жаттықтырушы көлігімен баратын. Ветерания саласында да көліктер жаңартылды. Бұл саладағы мәселелер ретімен шешіліп келеді, – дейді әкім.




