Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қалада тамыз айына дейін 1-сыныпқа 25 005 бала қабылданды

Басқарма басшысының сөзінше, биыл қалада тамыз айына дейін 1-сыныпқа 25 005 бала қабылданған. Ал тамызда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және құжаттарын дер кезінде тапсырмаған ата-аналардың талабы арқылы 31 бала қосымша қабылданған.
– 2021-2022 жаңа оқу жылы білім беру ұйымдары 17-ге артты. 785 білім мекемесіндегі 350 мыңға жуық білім алушылармен (+8 000 бала) басталғалы отыр. 1-сыныпқа бүгінгі таңда қабылданғаны – 25 005 баланы құрап, меже толығымен орындалды, — деді басқарма басшысы.
Жанат Тәжиева эпидемиологиялық жағдайға байланысты тәрбиеленушілердің ата-аналарын вакцина салдыруға шақыра отырып, мектептегі дезинфекциялық заттарға ақша жинауға негіз жоқ екенін жеткізді. Бұл ретте білім ұйымдарына қажетті заттың бәріне қаржы бөлініп отырғанын және ата-ана балаларын тек бетпердемен қамтамасыз ету керектігін айтты.
– Білім ұйымдарында күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және бетперде режимі сақталады. Ата-ана баласына тек маска алып беріп отырса жеткілікті. Қалған санитариялық-эпидемиологиялық шараларға арнайы қаржы қаралған, — деді қаланың бас ұстазы.
Ал Алдарқұл Ахметов ұстаздар қауымы мен оқушыларға білім беретін мекемелерде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Оның ішінде, қарсы көрсетілімі бар және КВИ-мен соңғы үш айда ауырған педагогтер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері толықтай вакцинациялануы қажет екенін айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас ауданында «PISA» халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушыларды психологиялық қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті

admin

Қазақстан мен Ресей шекараны демаркациялау мәселесін талқылады

admin

Түркістан: депутат «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» қызметіне өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарын тарту етті

admin