Инфляция 2027-2028 жылдары 6%-ға дейін төмендейді – Жұманғарин

Қазақстан алдағы үш жылда тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен брифингте ел экономикасының алдағы үш жылға арналған даму болжамын таныстырды.
Министрдің айтуынша, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5,4%, ал 2026-2028 жылдар аралығында орта есеппен 5,3% деңгейінде болады деп күтілуде.
Экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші – нақты сектор мен қызмет көрсету саласы. Өңдеу өнеркәсібінде өсім қарқыны 2026 жылы 6,2%-дан 2028 жылы 6,6%-ға дейін артады. Бұл көрсеткіш ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қамтамасыз етіледі, – деді Серік Жұманғарин.
Еске салайық, бұған дейін вице-премьер елдегі жанармай бағасын өсіруге енгізілген мораторийдің мерзімін түсіндірген болатын.