Биыл елімізде 11,6 млн тонна мұнай өнімі өндірілді

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында отын-энергетикалық кешеннің 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 млн тонна яғни өткен жылмен салыстырғанда 113,2% -ға артқан. Осы жылға жоспар – 96,2 млн тонна. 9 айдағы мұнай экспорты – 60,5 млн тоннаға жеткен. Ал 2025 жылғы жоспар – 70,5 млн. тонна.
Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша 11,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1% болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,7 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштің 100,7%-ы,- деді Ерлан Ақкенженов.