Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жолақы 500 теңге бола ма? Үкімет жауап берді

Үкіметтегі брифинг барысында журналист әлеуметтік желілерде қызу талқыланған автобустарда жолақы 500 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін деген пікірге қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері экономикалық тұрғыдан алғанда, тарифтің осындай деңгейге жетуіне қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін? Бұған экономикалық негіз бар ма? деп сұрады.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, тарифтің өсуіне жалғыз экономикалық алғышарт – тасымалдау шығындарының көбеюі болуы мүмкін.

Мысалы, бұл – жанармай бағасының қымбаттауы. Бірақ тарифті көтеру туралы шешімді әр компания сұраныс пен ұсынысқа байланысты коммерциялық тұрғыда қабылдайды, – деді Әмрин.

Өз кезегінде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл мәселе Үкіметтің ұстанымы емес екенін атап өтті.

500 теңге туралы айтылған пікір – жеке сарапшының көзқарасы ғана. Әрине, қоғамдық көлік халықтың кең тобына бағытталған, сондықтан тарифтің күрт өсуі болмайды. Егер баға өссе, мемлекет қажет болған жағдайда қолдау көрсетеді, – деді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанда автобустарда жолақы 500 теңге болуы керек деген пікірлер кеңінен тараған еді. Министрліктер мұндай қымбаттауға ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Сәйкес жаңалықтар

Батыс энергетикалық аймағын нығайту, кен орындары, газ құбырын іске қосу

admin

Әйтенов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

admin

Жол апаттарын азайтуға бағытталған шаралар қабылданып жатыр

admin