Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қар аралас жаңбыр: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

 «Қазгидромет» 2 қазан, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, еліміздің қалған бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы жауын-шашын әкеледі.

Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республикамыз бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Еліміздің шығысында көктайғақ болуы мүмкін, үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және Жетісу облысында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.

Сондай-ақ Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С-ге дейін төмендейді.

Сәйкес жаңалықтар

Аурухана басшысы жұмыстан босатылды

admin

Президент құттықтауынан кейінгі Жаңажылдық бейнебаян қалай түсірілді

admin

Түркістанда әлеуметтік сала бойынша іс-шаралар легі басталды

admin