Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Қазір ұлттық құрама елордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Одан кейін маңызды республикалық турнир басталады. Қазақстан кубогы 13-15 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның қорытындысы бойынша жаңа маусымда ел намысын қорғайтын және Олимпиадаға жолдама алу үшін Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінде сынға түсетін құрама жасақталады, — делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу төрт Әлем кубогы кезеңінен тұрады. Оның біріншісі 14-16 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында ұйымдастырылады. Екінші кезең 21-23 қарашада Канаданың Калгари қаласында өтеді.

Үшінші кезең Нидерландтың Херенвен қаласында 5-7 желтоқсан күндері өтсе, төртіншісі 12-14 желтоқсан аралығында Норвегияның Хамар қаласында болады.

Сәйкес жаңалықтар

Алименттік қарызы бар борышкерлердің көліктері тәркіленеді

admin

Шымкенттік спортшы ұлттық құрамаға алтын сыйлады

admin

Отырарда нашақорлыққа қарсы форум өтті

admin