Қазақстандағы жас ғалымдарға арналған гранттар: Конкурсқа қалай өтініш беруге болады?

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының басталғанын жариялады, деп хаарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өтінімдерді қабылдау 25 қыркүйектен басталып, 25 қазанға дейін жалғасады, – деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.
Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
– Энергия, озық материалдар және көлік;
– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
– Елдің зияткерлік әлеуеті;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік ғылыми бағыттары.
Айта кетейік, ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде “ҰМҒТСО” АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz арқылы беріледі.