2026 жылдан бастап зейнетақы жинағынан ақша алғандар салық төлемейді

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан артық ақшасын алған азаматтардан жеке табыс салығы алынбайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БЖЗҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, ҚР жаңа Салық кодексі ҚР резиденттері үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстауды жояды.
Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және оған сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды, – деп хабарлады БЖЗҚ.
Еске салайық, бұған дейін стоматология арқылы зейнетақы қаражатын шығарғандарға қатысты ақпарат жарияланған болатын.