«ҚАРАСОРА–2025» шарасы аясында күшейтілген рейдтік жұмыстар жүргізілуде

Есірткі құралдарының таралуына тосқауыл қою мақсатында еліміз бойынша өтіп жатқан «Қарасора–2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар жүйелі жұмыстар атқаруда.
Аталған шараның шеңберінде аудан аумағындағы жеке тұрғын үйлердің аулалары, пайдаланылмай жатқан егістік алқаптар мен шалғай жерлерге рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді. Рейдтік шараның мақсаты — заңсыз егілген құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтап, жою, сондай-ақ бұл әрекеттерге жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту.
Полицейлер күнделікті жоспарланған бағыттар бойынша аулаларды аралап, ауыл тұрғындарына заң талаптарын ескертіп,есірткі бизнесіне қарсы күрестің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
Тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында барлық заңсыз әрекеттерге қатаң шара қолданылатынын ескертеді.