Мотокөлік жүргізушілеріне арналған профилактикалық шара өтті

Түркістан қаласында мотокөлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

Шара барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мопед және мотоцикл тізгіндеген жүргізушілерге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жол жүру ережелерін сақтау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, сондай-ақ тиісті құжаттардың болуы бойынша тексерулер жүргізді.

Сонымен қатар, рейд кезінде техникалық талаптарға сай келмейтін, яғни рұқсатсыз қайта жабдықталған мотокөлік құралдары да анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ өздерінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.