Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Екінші дәрежелі кітапханашы «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» кеуде белгісімен марапатталды

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының екінші дәрежелі кітапханашысы «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісінің иегері Елекеева Құндызай ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының бұйрығымен «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» кеуде белгісімен марапатталды.

Ұлттық ұлан мерекелік іс-шаралар мен мәдени кештерді үнемі кітапханамен бірлесе атқарып, тығыз байланыс орнатқандықтан кітапханашыға осындай құрмет білдірді.

Құндызай Елекеева 11 жылдан бері кітапханада жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысқан.

Жалпы Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы — әмбебап профильді кітапхана болып табылады. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айынан бері ел игілігі үшін қызмет атқарып келеді. Кітапхана 14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдерге, олардың тәрбиесімен айналысатын басқа да оқырмандар категорияларына қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады.

Сәйкес жаңалықтар

Абай облысының оқушылары экологиялық таза су көлігін жасап шығарды

admin

“Қазақстан – Әмірліктерге қажет нарық” – саясаттанушы түсіндірді

admin

Түркістан облысының бас полицейі “Таза Қазақстан” акциясы бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады

admin