Баспанаға мұқтаж барлық азамат енді үй кезегіне оңай тұра алады

“Отбасы банкі” баспанаға мұқтаж азаматтар үшін жаңа электрондық жүйені іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 24 мамырдан бастап кезекке тұру толықтай онлайн форматқа көшіріледі. Осы күннен бастап барлық қазақстандық санатына қарамастан orken.otbasybank.kz порталы арқылы тұрғын үй есебіне тұра алады.
Есепке тұру кезексіз, қағазбастылықсыз цифрлық форматта жүргізіледі.
Баспанаға есепке тұру үшін не істеу керек:
– orken.otbasybank.kz сайтында жарамды ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтесіз.
– Жүйе сіздің талаптарға сай келу-келмеуіңізді автоматты түрде тексереді.
Егер кәмелет жасқа толған азамат болсаңыз және сіздің немесе отбасы мүшелеріңіздің соңғы 5 жылда меншігінде тұрғын үй болмаған жағдайда – сіз түрғын үйге мұқтаждар есебіне енгізілесіз.
Яғни негізгі талаптар:
– өтініш беруші 18 жастан асқан болуы тиіс;
– соңғы 5 жыл ішінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы керек.
Қарау мерзімі:
Өтініш 1–3 жұмыс күні ішінде қаралады.