Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

Оқушы мұғалімді қорласа, ата-анаға қандай жаза бар?

 Кейбір оқушылар мұғалімдерге дөрекілік көрсетіп, оларды мазақ етіп, намысына тиеді. Мұндай жағдайда мұғалімдердің құқығына қатысты министрлік ұстанымы қандай және ата-аналарды жазалау қажет пе? Бұл сұрақты Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілі Оқу-ағарту министрлігі өкілдеріне қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елде 5 жыл бойы педагог мәртебесі туралы заң жүзеге асып жатыр. Заң бірінші кезекте педагог құқықтарын қорғайды. Сондықтан егер ата-аналар мен оқушылар тарапынан дау-жанжал туса, мұғалімнің құқықтары міндетті түрде қорғалады. Әрбір оқиға педагогикалық этика кеңестері, ата-аналар жиналыстары, бәлкім қоғамдық кездесулерде жеке-дара қаралады. Жалпы алғанда, бұл әкімшілік құқықбұзушылық болса, ата-анаға әкімшілік айыппұл салынады, — деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Сәйкес жаңалықтар

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров аумақтық бөлімшелердің басшыларымен кеңес өткізді

admin

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ АСУДА

admin

Алматы жаһандық креативті индустрияның жаңа ошағына айналуда

admin