Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады

 Елордада әуе кеңістігі уақытша жабылады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі, – делінген министрліктің хабарламасында.

Көлік министрлігі осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ төмендегі әуе компаниялары мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұрайды:

Air Astana
Алматы: + 7 (727) 244 44 77
Астана: + 7 (7172) 58 44 77
қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

SCAT: +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air: +7 (727) 356 14 14

FlyArystan: +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы: +7 (7172) 702–999

ПІКІР ЖАЗУ