Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Енді ажырасқандар көп салық төлеуі мүмкін

 Қазақстанда ажырасу процесі қымбаттауы мүмкін. Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, ажырасу үшін мемлекеттік бажды 20 АЕК-ке (78 640 теңге) дейін арттыру ұсынылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір ажырасқандарға салықты 20 АЕК-ке көтеру ұсынылып отыр. Мұны менің әріптестерім ұсынып отыр. Бұл біздің әр отбасының ісіне араласқанымыз емес. Бірақ олардың ажыраспауына себеп болатын дұрыс ұсыныс деп ойлаймыз, — деді депутат.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚҚС бойынша шекті мөлшерді төмендетсек, бюджетке 400 млрд теңге шығын келетіні туралы жазғанбыз. «Сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салу туралы да айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.  

Мәжілісте салық реформасынан қанша пайда түсетіні де айтылды. Сондай ақ енді кез келген адам ИП аша алмайды. Ал үй жанындағы дүкендер салық төлемейтін болды.

Сәйкес жаңалықтар

«Әйел — отбасының тірегі және мемелекеттің тірегі»

admin

Ақмола облысындағы Жабай өзенінің деңгейі төмендеді

admin

Түркістан облысының суармалы жерлеріне 206 млн текше метр су жіберілді

admin