Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ӘлемЖаңалықтар

Мьянмадағы жер сілкінісі: 1000-нан астам адам қаза тапты

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 1002-ге жетті, 2376 адам зардап шеккендер тізімінде, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап. Үйінділер тазартылған сайын құрбандар саны артуы мүмкін, деп есептейді құтқарушылар. Қытай, Үндістан және Ресей қазірдің өзінде Мьянмаға медициналық және құтқару топтарын жіберді.

28 наурыз, жұма күні түстен кейін жергілікті уақыт бойынша күші 7,7 және 6,4 балдық екі жер асты дүмпулері тіркелді. Жер сілкінісі Қытай мен Таиландта да сезілді; Нәтижесінде Бангкокта аяқталмаған зәулім ғимарат құлады, оның қирандыларының астында бірнеше ондаған адам болуы мүмкін деп болжанды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

admin

Қазығұрт: діни ағымдардың таралуын тоқтату

admin

ІІМ қазан айы басталғалы 54 есірткі қылмысын анықтады

admin