Қазығұрт: діни ағымдардың таралуын тоқтату

Түркістан облысының дін істері басқармасының және Қазығұрт аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Руханият керуені Түркістан төрінде» жобасы аясында облыс көлемінде деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, мемлекеттік саясатты ілгерілету, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық Мәдениет үйінде арнайы Республикалық ақпараттық насихат тобы мүшелерімен кездесу өтті. Насихаттық топ құрамында, Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігінің Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің хатшысы, Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Мансұров Батыржан Берденұлы, елімізге танымал ақын, айтыскер, бірқатар айтыс додаларының жеңімпазы, “Қаратау” дәстүрлі өнер мектебінің директоры  Байтуов Біржан Ғаниұлы, Қазығұрт ауданының бас имамы Сертай Адилхан Айдарханұлы болды. Атаулы жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов жүргізіп отырды.

Арнайы келген қонақтар діни сауаттылық және тұрақтылық жайлы баяндамалар жасап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

ПІКІР ЖАЗУ