Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақтың ұлттық киімі Гиннестің рекордтар кітабына енді

 Маңғыстаулықтар Каспий теңізінің жағалауында ұлттық киімде жиналып, Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтаудағы арнайы алаңға бес мыңнан астам адам қазақтың ұлттық киімінде жиналып, “Ұлттық киімдегі ең үлкен жиналыс” номинациясы бойынша әлемдік рекорд орнатты.

Таңертең қалада бұлтты және жаңбырлы ауа райы болса да, бұл мыңдаған қазақстандықтың мерекелік шараға келуіне кедергі болмады. Рекордты ресми тіркеу үшін Ақтауға Гиннес рекордтар кітабының Лондондағы штаб-пәтерінен арнайы қазылар алқасы келді.

Қатысушылар таңғы 9-дан бастап жинала бастады. Сағат 11:00-де ұйымдастырушылар төрт мың адамды санады, ал 12:01-де қатысушылар саны бес мыңнан асты. Осыдан кейін комиссия өкілдері рекордтың ресми түрде орнатылғанын жариялап, арнайы сертификат табыстады.

Шара барысында жиналған халықтың көңіл-күйін көтеру үшін ұйымдастырушылар концерттік бағдарлама ұсынып, дәстүрлі әндер мен билермен мерекелік атмосфера сыйлады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында «Учаске» жедел профилактикалық шарасы жүзеге асырылуда

admin

481 қарағандылық қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасынан өтеді

admin

Алматыда саябақтар аумағына 45 млрд теңге бөлінеді

admin