Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БизнесЖаңалықтар

Шымкентте мердігерден арендалық үйлер сатып алына бастады

Шымкентте 50 мың тұрғын пәтерді жалға алуға кезекте тұр. Сондықтан шенеуніктер тұрғындарды ертерек баспанамен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Олар құрылыс иелерімен келісімге келіп, келер айдан бастап дайын пәтер салып алмақ. Ал жыл соңына дейін 1400-ден аса отбасыға арендалық баспана кілті табысталады. Оның 900-і жастарға берілмек. Осылайша мамандар тұрғын үйге мұқтаждар статистикасын азайтуды жоспарлап отыр.

Мадияр Байымбетов, Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы:
«Биыл 7,5 мыңға жуық пәтер осы кезекте тұрған жандарға үлестіріледі деп отырмыз. Бұдан кейін құрылыс салмаймыз. Тек үйлерді сатып аламыз. Биылдың өзінде біз 1405 бес пәтер салып аламыз. Оның 900-і жастарға, ал 505-і әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған. 1400 пәтердің қаладағы инвесторлармен келісіп келесі айда 600-ын сатып аламыз».

Жыл сайын баспана алуға үміркерлер саны артып келеді. Ал несиеге Отбасы банк арқылы үй алуға 160 мыңнан аса тұрғын өз кезегін күтуде. Сондықтан жауапты мамандар әлеуметтік пәтерлер санын көбейтіп, тұрғындарды арзандатылған шаршы метрлі баспанамен қамтамасыз етпек.

Сәйкес жаңалықтар

Кентауда қаланың дамуына еселі еңбек еткен азаматтар марапатталды

admin

Түркістан: Келестегі шаруа қожалық жылына 400 тонна балық өндірмек

admin

Шымкентте «Таза Қазақстан» аясында Республикалық экологиялық акция өтті

admin