Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Болашақта кімнің жалақысы көтерілуі мүмкін? – Аймағамбетов жауап берді

 Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов болашақта жалақы мен жәрдемақы мәселесін шешу қажеттігін айтты. Алда атқаратын ауқымды, әрі түйткілді проблемалар бар екенін айтты.

Мысалы, МӘМС бойынша әлі шешілмеген сұрақтар көп. МӘМС-пен қамтылмаған 3,5 млн азамат, сапалы медициналық көмекке қолжетімділік, реттелмеген тарифтер проблемалары. Бұл мәселелерге Мемлекет басшысы арнайы тоқталып, тиісті тапсырмаларды берді, — деді депутат.

Аймағамбетов тағы бір мәселе жалақы проблемасы екенін атады. Тағы бір үлкен сұрақ – жүздеген мың азаматтық қызметкерлердің жалақысының төмендігі мен 500 мың мүгедектігі бар жандардың, бүгінгі нарық пен бағаларға сай келмейтін жәрдемақы мәселесін де болашақта шешуіміз қажет, — дейді депутат.

Оның сөзінше, Президент Ұлттық құрылтайда “Адал азамат” пен ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Енді мұғалімдер мен барлық қоғам сапалы білім мен саналы тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейтуі қажет.

Еске сала кетейік, осыған дейін Аймағамбетов “Педагог мәртебесі туралы” заң аясында мұғалімдердің құқы қалай қорғалып жатқанын түсіндірді. Ол мұғалімдерді жарыққа теңеп, ол жарық сөнсе, қоғам қараңғыда қалатынын айтты. Депутат сондай ақ мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы туралы да айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Састөбе кентінің әкімі Асқар Айдарбековтың халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуі өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Жолайрық құрылысына байланысты баспасөз брифингі өтті

admin

Ғалымжан Ильясов қала әкіміне атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

admin