Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

«Ұлттық қор – балаларға»: кімдер есепшоттағы ақшасын шешіп жатыр

 2025 жылы қанша бала Ұлттық қордан ақша алады? Осы тақырып аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына арнайы сауал жіберген еді.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 2025 жылдың 1 наурызына дейін 18 жасқа толған балалардың 75 329-ы өз қаражатын пайдалануға өтініш берген, — делінген жауапта.

Олар жалпы 8 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны шешіп алды. Оның ішінде:

43 781 бала – 4,65 миллион долларды тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдаланды.
31 548 бала – 3,35 миллион долларды білім алу ақысын төлеуге жұмсады.

2025 жылы барлығы 324 430 бала 18 жасқа толады, яғни олар да осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Жалпы, бағдарлама аясында 2025 жылы 6 921 035 балаға қаражат есептеледі. Әр балаға 129 доллар 38 цент бөлінеді, — дейді зейнетақы қоры.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қаңтарда Зейнетақы қорының инвестициялық кірісі төмендеген еді. Сарапшылар зейнетақы қорындағы инвестициялық кірістің көбеюіне де, азаюына да әсерін тигізетін бірнеше факторды атады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

admin

Таразда 24 автобус пайдалануға берілді

admin

ШЫМКЕНТ: «Ынтымақ» шағынауданының тұрғындарына Президент Жолдауын насихатталды

admin