Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

102 арнасы арқылы кезекші бөлімге “Архар” көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түскен. Бойжеткеннің ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген күдікпен оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілген. Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алған. 

Олар еш кідірместен автокөліктен түсіп, қызбен сөйлесуге кірісті. Полицейлер оны сабырға шақыруға тырысты. Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған. Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді, — делінген хабарламада. Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілген.

Сәйкес жаңалықтар

Клиникалық ауруханаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде

admin

Қырғыз президенті: Қазақстанға қолдан келген көмекті беруге дайынбыз

admin

Алматы облысы тамақ өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша бірінші орында

admin