Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қызылорда облысында ауылды су басты

8 наурыз күні кешке Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде қардың еруі салдарынан Қасымов және Мәмбет би көшелеріне су жайылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, су тұрғын үйлердің аумағына кірмеген, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдары жедел жетті. Салдарын жоюға барлығы 150-ден астам адам және 14 бірлік техника, оның ішінде мотопомпалар жұмылдырылды, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлерді су баспады. Қазір еріген қар суын сору және бұру жұмыстары толығымен аяқталды, жағдай тұрақты.

Сәйкес жаңалықтар

«Қазақстанның қарызы төмен болуы керек»: Бектенов Үкіметтің қаржы саясаты туралы айтты

admin

Таза Қазақстан. Экологиялық акция аясында қандай шаруа атқарылды

admin

Kaspi.kz компаниясы «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударады

admin