Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурыз — ең көп демалысы бар айлардың бірі. 2025 жылы наурызда да қазақстандықтар бірнеше күн демалады. Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз — жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.

Айта кетейік, наурызда қазақстандықтар жалпы 14 күн демалады.

Сәйкес жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматы жолдарындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

admin

Юный спортсмен из области Абай во второй раз покорил Азию

admin

Түркістан облысының тұрғынынан мылтық пен 160-тан астам патрон тәркіленді

admin