Жетісу жастарына 3 млн теңге беріледі

Өңірде өз кәсібін өркендеткісі келетін ауыл жастарына тағы біршама мүмкіндікт ұсынылмақ. Жастарды қолдау мақсатында 3млн теңге көлемінде грант табысталады.
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау – елдің экономикалық дамуы мен болашағы үшін маңызды бағыт. Солардың бірі – «Бизнес Бастау» жобасы. Жоба аясында 477 жасқа кәсіпкерлік негіздерін меңгеруге мүмкіндік беретін арнайы оқыту курстары ұйымдастырылады. Жас кәсіпкерлердің стартаптарын дамыту мақсатында “Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты қолға алынған.
Мен ауылда тұрамын. Өз ісімді ашқым келетін, бірақ ондай бастамаларыма қаражат тым тапшы еді. Бұл ауылда өскен мен сияқты балалар үшін үлкен мүмкіндік. Ауылда жұмыс табу оңай емес. Көп жастар қалаға кетеді, ал мен ауылда қалып, өз кәсібімді бастағым келеді. Егер осы грант бұйырса, шағын дүкен ашар едім немесе мал шаруашылығын дамытар едім. Ауылда мұндай істер өте қажет. Құжат жинау тым қиын болмаса, мен де өз бағымды сынап көрер едім. Ауылда мүмкіндіктер аз, бірақ осындай қолдаулар көбейсе, жастар туған жерінде қалып, еңбек етер еді. Ең бастысы – бұл грант нағыз іске асыратындарға бұйырса екен, бәрі әділ түрде болғанын қалаймыз, – дейді Нұрым Мұсабекұлы.
Биылдан бастап бұл жоба ауыл жастарына басымдық бере отырып жүзеге асырылды. Яғни ауылдық жерлердегі жастар кәсіпкерлікке ден қойып, өз ауылында жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алады. Бұл ауылдың экономикалық дамуына да оң әсерін тигізіп, жастардың өз туған жерінде тұрақтауына жол ашады.
Бастаманың басты мақсаты – жастардың инновациялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларын қолдау, олардың бизнес саласында өз орнын табуына көмектесу, – дейді облыс әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы.