Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда жер қойнауын тонаған 11 компания лицензиясынан айырылды

Биыл қоршаған ортаны заңсыз қазушыларға қатысты 200-ден астам дерек тіркелген

Түркістанда жер қойнауын тонағандарға тоқтам болмай тұр. Биыл қоршаған ортаны заңсыз қазушыларға қатысты 200-ден астам дерек тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өзен аңғарын қазып, одан құм, тасты тонналап алып жатқан 11 компания лицензиясынан айырылған. Маркшейдер маманымен 62 кен орны аумағынан кемшіліктер анықталған. Оның ішінде 17 жер қойнауын пайдаланушы залал шығындарын еркімен өтесе,  төртеуіне қатысты талап-арыз сотқа жолданған. Айта кетейік, Түркістан облысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 191 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олардың 80-і келісімшарт және 111-і лицензия негізінде жұмыс істейді.

«Экология департаментімен 91 әкімшілік іс қаралып, 2 млн 234 мың теңге айыппұл салынған. Екі әкімшілік іс қайталанғаны үшін сотқа жолданды. Қазіргі таңда 107 іс қаралып жатыр», – деді Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев.

Сәйкес жаңалықтар

Отандық өнімді қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі

admin

Шымкентте Палацк университетінен шақырылған ғалымдармен тәжірибе алмасу басталды

admin

Жалақы, шәкіртақы және тегін оқу: Декреттен шыққан аналарға қолдау көрсетіледі

admin