Мәжіліс депутат Ринат Зайытов Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруге қатысты заң жобасының нормаларын сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біріншісі, Түркістан облысының әкімдігіне. Осы заңның аясында дизайн код деген сөздің қаупі бар екенін комитетте де айтқанбыз. Заңда “жергілікті билік дизайн кодты бекітеді деп”жазылған. Алматыда осы дизайн код бойынша сәтсіз тәжірибе болған. Ертең дизайн код деген желеуді пайдаланып, жұрттың кәсібін, бастамаларын дизайн кодқа сай емес деп, өзінің жеке мүддесіне тартып алуға әрекет жасалмайтынына қандай тетіктер қарастырылған? Түркістан қаласындағы сәулетті ғимараттар жалға сенімгерлікке беріп тастау туралы заңның аясында осындайларға тоқтау салуға тетіктер қарастырылды ма? – деді депутат.
Ол заңда өзі түсінбейтін көп нәрсе бар екенін айтты. Бәлкім, дұрыс оқымаған шығармын. Түркістан қаласының елтаңбасы болады дейді. Менің түсінігімде елтаңба деген Қазақстанда біреу-ақ. Әлде Түркістан басқа мемлекет болып бөлінейін деп жатыр ма? Осы жерін анықтап беріңіз. Содан кейін сіздердің заңдарыңызда бір керемет сөз бар екен. Мен бұрын-соңды естімеген. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватына енгізілген ескерткіштерге қатысты қорғау саясаты тұрақты инспекциялауға, сосын озыңқы күтімге деген не деген сөз? Екінші бапта мынандай сөз бар. Тарихи-мәдени рухани объектілердің киелілігін сақтау деген не ұғым бұл? Қалай сақтаймыз киелілікті? Кие деген Құдайдан келмеуші ме еді, – деп сынады депутат Зайытов Мәжілісте.