Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Шымкентте балалардың мүгедектігін растау үшін пара алғандар сотқа берілді

Сыбайлас жемқорлықты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы мен қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике бірге жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталуда. Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбикенің көмектесуі арқылы алынған, — делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді. Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1)тармағына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау білдіру.

Сәйкес жаңалықтар

Qazaqstan NEXT 2026: Сарапшы Қазақстандағы мұнай-химия саласының келешегіне баға берді

admin

Праздник силы, памяти и традиций: в Бородулихинском районе прошла байга, посвящённая 80-летию Победы

admin

Жамбыл облысы шетелдік компаниялармен 153 миллион АҚШ долларын құрайтын келісімге қол қойды

admin