Сот санкциясымен Перизат Қайраттың дүние-мүлкіне шектеу қойылды — ҚМА

 ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Еске сала кетейік, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдеріне тыйым салынды.

— Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді, — деп хабарлады ҚМА.

Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. Тәркіленген заттар бойынша сол анықтайтын болады.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Тергеу жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталып, тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Артынша, Перизат Қайрат екі ай қамауға алынды.   Перизат Қайрат параспорт федерациясындағы қызметінен алынды. Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тағы бір деректі жариялаған болатын. Бүгін Kazinform сайтына шыққан «Қайырымдылық қорлары қанша салық төлеп жүр» тақырыбында жарық көрген сараптамалық мақаламен таныса отырыңыз.

  

ПІКІР ЖАЗУ