Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Құқық

75 млн теңге пара алған салық қызметкері сотталды

 Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы Аян Борашевқа қатысты ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігіне (аса ірі көлемде пара алу) сәйкес үкім шықты. Сотта мәлім болғанындай, А.Борашев мемлекеттік қызметші бола тұра, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың 22 қыркүйегіне дейін кәсіпкерден 75 млн теңге пара алған.

Есесіне ол ауыр салмақты жүк көліктерін «Сырым» бекетінен кедергісіз және жедел өткізуге көмектескен. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан алынған мәліметке қарағанда, мемлекеттік айыптаушы тағылған айыпты қолдап, сотталушыны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Сот үкімімен А.Борашев ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, ол 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғыны тісін сапасыз емдеген клиникадан 12 млн теңге өндіріп алғанын жазған болатынбыз.

 

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте полицейлер 43 кибералаяқты әшкереледі

admin

Алаяқтар 53 жастағы тұрғынның атына заңсыз 13 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

admin

Автокөлік пен мопед ұрлаған астаналық екі жасөспірім ұсталды

admin