Кибералаяққа алданған ана тұрғындарға үндеу жасады

Түркістан облысының полицейлері интернет алаяқтық қылмыстарына тосқауыл қою бағытында профилактиканы күшейтіп, 20 000 дана таратпалы және 6 000 жабыстырмалы ақпараттық ескертпе қағаздарын әзірлеп, халыққа таратты. Осы бағытта кибералаяққа алданған тұрғынмен де тілдесіп, оның алаяққа сеніп қалған оқиғасын, ой-пікірін біліп, өзгелерге сабақ болар деген ниетпен ұсынды.

2024 жылдың жаз айында Арыс ауданының тұрғыны Айсұлу әлеуметтік желі арқылы жиһазға тапсырыс берген. Осылайша алаяққа алданған ана тұрғындарға үндеу жасады:

«Тапсырысымды алмай жатып, ақша аудардым. Алайда арадан бірнеше ай өтсе де, жиһазым келмеді. Ақшам онда жоқ. Содан қараша айында полицияға арыздандым. 10 шақты күннің ішінде мені алдаған алаяқ ұсталды. Түркістан облысының полицейлеріне, оның ішінде киберпол тобының қызметкерлері алғысымды білдіремін! Ал тұрғындарға ондай арзан дүниелерге қызықпауға шақырамын. Интернетте алаяқтар көп екенін айтқым келеді. Маған ұқсап алданып қалмаңыздар!»-деді әйел.

Өз кезегінде полиция Түркістан облысының тұрғындарын әрбір шалынған қоңырауларға мұқият болуын және күдік келтіретін хабарлама мен жарнамаларға, ұсыныстарға сенбеуді ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы «Азаматтарды кибералаяқтықтан қорғау мақсатында банктік қызметтерді көрсету тетіктерін жетілдіру» тақырыбында сараптамалық кездесу өткізді.

Іс-шараның модераторы ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бүгінде киберқылмыскерлердің сүйікті саласы – екінші деңгейлі банктермен тығыз байланыстағы қаржы секторы. Ал бұл саланың реттелмегенін және қауіпсіздік деңгейі нашар екенін көрсетеді. Бұған статисканың өзі-ақ дәлеле бола алады. 2024 жылдың жеті айының ішінде кибералаяқтар азаматтардың 7 миллиард теңгеден астам сомадағы қаржысын қолды еткен.

«Алаяқтардың жұмыс істеу тетіктері мен әдістері үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Өкінішке қарай, кибералаяқтықпен күресу әдістері сол алаяқтық схемаларындай дамып, жетілдіріліп отырған жоқ», – деді Магеррамов.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов осы келеңсіз құбылыспен күресу үшін қандай шаралар қолға алынып жатқанына тоқталды. Нақтырақ айтқанда, азаматтардың жеке электрондық кабинеттерінде белгіленген кредит беруге тыйым салу механизмі (бұл қызметті 900 мыңнан астам адам пайдаланды), биометриялық сәйкестендіру кезінде талаптарды күшейту және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қатаңдату, 10-нан астам банк карталарын ашуға тыйым салу және болашақта кредит беру алдында кем дегенде бір күн бұрын «салқындату кезеңін» енгізу.

«Біз азаматтарға ойлануға, түсінуге және несиеден бас тартуға мүмкіндік беруіміз керек», – деп түсіндірді Әбдірахманов.

Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Жандос Сүйінбай көбіне әлеуметтік осал топ өкілдері интернет-алаяқтардың құрбаны болатынын айтты. Мұндай мәселелердегі басты қиындық – интернетте шекараның болмауы. Яғни, киберқылмыскерлер көбіне өз қитұрқылығын өзге елде отырып-ақ жүзеге асырады.

«Алаяқтар біздің елді шетел азаматтарына шабуыл жасау үшін трамплин ретінде пайдаланып жатыр. Ал біздің азаматтарға шетелден шабуыл жасалуда. Біз бірігіп, киберқылмыспен бірге күресуіміз керек», – деп атап өтті Ж.Сүйінбай.

Қазір қазақстандық полицейлер шетелдік әріптестерімен белсенді ынтымақтастықта. Олар тіпті, бірнеше рет Украина аумағына іссапарға барып келген. Онда алаяқтардың call-орталықтары орналасқан және психологтар құрбандарды құрыққа түсіру үшін «маман» дайындаумен айналысқан. Биыл осындай 8 орталық залалсыздандырылды. Талқылау барысында, ЕДБ қызметкерлерінің кибералаяқтыққа қаншалықты қатысы бар екендігі туралы қызу пікірталас болды. Қазақстандықтардың жеке деректері әшкереленді, бірақ ақпараттың шығу көзі сол күйі анықталмайды, табысы төмен адамдарға күмәнді несиелер тез әрі еш тексерусіз беріледі, алаяқтар тәуліктің кез келген уақытында бөтеннің есепшотына қол жеткізе алады, банктің қауіпсіздік қызметкерлері бұл үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды.

«Әрине, ақыр соңында қарапайым азаматтар ғана зардап шегетінін ескерсек, банктер банк жүйесінің қауіпсіздігін арттыруға мүлде мүдделі емес. Бүгінде қаржы институттары алаяқтардың құрбанына айналса да, адамдарды қарызды тқлеуге мәжбүрлеп, пайдаға кенеліп отыр», – деп түйіндеді қатысушылар.

Іс-шараның қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті кепілдік беру жүйесін, сондай-ақ банктер мен азаматтар арасында тәуекелдерді бөлуге көмектесетін алаяқтықтан жеке тұлғалардың қарыздарын міндетті сақтандыру жүйесін әзірлеу, бұл зардап шеккендердің қаржылық жүктемесін азайтуға көмектеседі.

Ақпарат https://halykpartiyasy.kz/index.php/kz/novosti/kiberalayaty-oam-derti сайтынан алынды

ПІКІР ЖАЗУ