Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жоғары сынып оқушылармен мамандық таңдау бойынша кездесу өтті

Түркістан облысының полициясы 11 сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында криминалистер болашақ мамандық иелеріне мамандық таңдауда қателеспеуді айтып, полиция қызметінің қыр-сырымен таныстырды.

Криминалистің құрал-жабдығын қолмен ұстап, өздерін сол маман иесі ретінде сезінген оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойды. Полиция қызметкерлері әрбір сұраққа қылмыстармен құқықбұзушылықтар бойынша мысал келтіре отырып, нақты жауап берді.

Болашақта полиция қызметкері боламын деген жасөспірімдер полицей ағаларына алғыстарын айтып, келесі жолы полиция бөліміне қонақта болғысы келетіндіктерін жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Тұран» шағынауданында құрылыс қарқын алған

admin

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға әлеуметтік төлем беріледі

admin

Жетісайда мереке қарсаңында қоғамдық қор 17 отбасыға баспана сыйлады

admin