Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Пробациялық есептегі 400 азаматқа арналған форум: «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті.

Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында өткен форумға Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылары, сонымен қатар Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданында пробациялық есепте тұратын 400-ге жуық тұлға қатысты.

Басқосу барысында есепте тұрған азаматтарға сот тағайындаған жазаларын мерзімінен бұрын өтеу, мемлекет есебінен оқып мамандық алу жайы айтылды.

Сондай-ақ кәсіптерін ашып, өз өмірлерін жақсы жағына қарай өзгертулері жайы да назардан тыс қалмады. Форум соңы «еңбек жәрмеңкесіне» ұласты.

Сәйкес жаңалықтар

В Астане к газу подключили еще один жилой массив

admin

«Таза Қазақстан – Таза Астана»: ко Дню столицы объявлен конкурс среди представителей СМИ

admin

Түрмедегі Күдебаевқа жағдай жасап отырғандар жазалана ма?

admin