Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында рейдтік іс-шаралар өткізді

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу заңына сәйкес рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында облыстағы аты шулы, көпшілікке танымал демалыс және ойын-сауық орындары тексерілді.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 82 дерегін анықтап, жалпы 2.5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды.

Мәселен танымал клубтың бірінде келушілерге ұсыну үшін кальян тартқан жас жігіт анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кальян тартқан бірнеше жас қыздарға полиция тарапынан шара көріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары кальян шегумен тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдті жалғастыруда. Полиция заңмен тыйым салынған денсаулыққа зиян нәрседен бас тартып, тәртіпке бағынуға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

​В Шымкенте в рамках проекта АНК «ассамблея. парламент. маслихаты» наградили передовиков производства

admin

Түркістандағы инвестфорумда 301 млрд теңге көлеміндегі 35 меморандумға қол қойылды

admin

Түркістан полицейлері кезекшілік атқарады

admin