Түркістан облысының тұрғындары полицейлерге көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді
Түркістан облысының Патрульдік полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындар бұзылған автокөлігін жөндеуге көмек көрсеткені үшін шынайы алғыстарын білдіріп, бейнежазба жолдады.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында қызмет атқару барысында жол шетінде дөңгелегі жарылып тұрған “Нексия” маркалы автокөлікті байқап, көмектескен.
Яғни тәртіп сақшылары дөңгелекті ауыстыруға жәрдем беріп, жүргізуші сапарын одан әрі жалғастырып, Тараздан Шымкентке жол тартқан. Өз кезегінде облыс тұрғындары полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Жалпы полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек көрсете отырып, облыстың автожолдарында күшейтілген режимде патрульдеу жұмыстарын жүргізуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі